Президент ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
АСТАНА. KAZINFORM – Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен келген Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты.
Фото: Ақорда
Іс-шараға Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.
Фото: Ақорда
Кездесу барысында ТМД аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективасы және Ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі. Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің магистрі. "Ақпарат саласының үздігі" салалық төсбелгі иегері (2018 ж.)