Президент Тоқаев Ақмола облысындағы аграрлық көрмені аралады

АСТАНА. KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысында шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Фото: Ақорда

Мұнда жартылай фабрикаттар, консервілер, ет, сүт және нан өнімдері қойылған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Тоқаев Ақмола облысындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілерімен саланың жай-күйі, шаруалардың жетістіктері, сондай-ақ қордаланған мәселелері жөнінде әңгімелесті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Елімізде ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумы өтетіні хабарланды.