Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концертті тамашалады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Президент Ұлыстың ұлы күніне арналған концерттік бағдарламаны көрді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

«Керуен сарай» кешенінің аумағында жұртшылыққа көктем мен жаңарудың сипатын сездіретін концерттік бағдарлама ұсынылды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Өнерпаздар қазақтың ұлттық және заманауи әндерін шырқады. Сонымен қатар оркестрдің сүйемелдеуімен хореграфиялық қойылымдар көрсетілді.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Концертке танымал мәдениет қайраткерлері, қазақ эстрадасы мен классикалық өнер жұлдыздары, ұлттық ансамбль мен би ұжымдары қатысты.

Фото: Ақорда

Еске салсақ, бұдан бұрын Мемлекет басшысының Наурыз мерекесіне қатысқанын жазған едік.