Президент Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысын қайта сайлануымен құттықтады

Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысына құттықтау жеделхатын жолдады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады. 

Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтетінін жазған едік.