Президент Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы қызметіне қайта сайлануымен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламның Вьетнамды дәйекті түрде дамытуға бағытталған барлық бастамасының табысты жүзеге асуына тілектестік білдірді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтетінін жазған едік.