Президент Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды

АСТАНА.KAZINFORM — Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапары аяқталған Ресей Президенті Владимир Путинді елорда әуежайынан шығарып салды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

Фото: Ақорда

Еске сала кетейік, 27-29 мамыр күндері Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында ол Астанада өтетін Еуразиялық экономикалық одақ форумына қатысады. Бұл кездесу өңірлік ықпалдастықты тереңдету мен Қазақстан-Ресей арасындағы стратегиялық әріптестіктің негізгі бағыттарын талқылауға арналған маңызды алаң болмақ. Осыған орай Kazinform тілшісі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі даму үрдістері мен алдағы перспективасына шолу жасады. Толығырақ мына сілтемеден оқыңыз.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда