Президент жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкерді марапаттады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкерді Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды, — делдінген хабарламада.
Марапаттау рәсімінде UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің қатысушылары Нұрсұлтан Сапаров, Дарина Билденова, Максим Бухметов және Наталья Местоева сөз сөйледі.
Қасым-Жомарт Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысының жеңімпаздарымен суретке түсті.
Айта кетелік қазақстандық арнайы жасақ халықаралық турнирде топ жарған еді. Сонымен қатар Президент терроризмге қарсы бөлімшелерді халықаралық жарыста үздік атануымен құттықтаған еді. Сондай-ақ Астаналықтар UAE SWAT Challenge жеңімпаздарын құрметпен қарсы алған еді.