АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын Kazinform сайтынан көре аласыздар. Трансляция Jibek Joly ресми сайты және Youtube арнасы, сондай-ақ Президент Телерадиокешенінің Instagram желісіндегі парақшасында жүреді.
Бұған дейін хабарланғанындай, бүгін сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Жолдау барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялайды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.