«Жастар жылының аясында Мемлекет басшысының тапсармасына сәйкес Елімізде алғашқы рет Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Іріктеу қағидалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен бекітілген. Ұлттық комиссия кандидаттарды бес жыл мерзімге резервке алу туралы шешім шығарады. Жастар кадр резервін болашақта жасақтау Қазақстан Республикасы Президентінің құзыретінде екенін атап өтеміз», - деді Анар Жайылғанова.
14:31, 27 Қыркүйек 2019
Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңі өте ме
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттік жастар кадр резервінің екінші кезеңін өткізу Мемлекет басшысының құзыретіне жатады. Бұл жайында интернет-конференция барысында келіп түскен сауалдарға жауап берген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағайымы Анар Жайылғанова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.