«Бүгінгі күні резервке қабылданған 350 азаматтың мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының әртүрлі лауазымдарына 262-сі немесе 75%-ы тағайындалды. Оның ішінде: орталық мемлекеттік органдарға – 131, жергілікті атқарушы органдарға – 41, ұлттық компанияларға – 54, өзге де ұйымдарға – 36. Сондай-ақ, 28 маман саяси лауазымдарға тағайындалды. «А» корпусының лауазымдарына 8 адам орналасты», - деді ол.
Азамат Жолманов атап өткендей, Президенттік жастар кадрлық резервіне кезекті іріктеу биыл күзде өтеді. Айтуынша, іріктеу мемлекеттік органдардың салалық кадрларға деген қажеттіліктеріне негізделеді.