«Көңіл толқып, жүректі қуаныш кернеп тұр. Халықтың белсенділігін, халықтың сайлау учаскесіне ағылып жатқанын көріп тұрмын. Бұл деген үлкен қуаныш. Бұл біздің береке-бірлігіміздің артқанын, елдігіміз бен тұтастығымызды көрсетеді», - деді Сәдібек Түгел.
Еске сала кетсек, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді.
Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.