«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы айшықталған бүгінгі съезде біз, шынында да, тарихи сәтке куә болдық. Мемлекет басшысы бүгінгі жиында елдегі мұқтаж азаматтардың барлығына үлкен қолдау боларлық жаңа әлеуметтік саясатымен таныстырды. Отырыста көпбалалы отбасылардың, мүгедектер мен зейнеткерлердің жәрдемақысын көтеру бастамасы көтерілді. Сонымен бірге, бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру, тұрғын үймен қамтамасыз ету және жастарды экономикалық цифрландыруға үйрету, сапалы білім беру бағыттары да ұмытылған жоқ», - дейді Жандос Табылғанов.
Орталық жетекшісінің айтуынша, әлеуметтік бастамалар бойынша бөлінетін қаражат сөзсіз, халықтың өміріне оң әсерін тигізері анық.
«Президент республикалық бюджет шығынының 45 пайызы биыл әлеуметтік салаға бөлінетінін атап өтті. Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың жәрдемақы мөлшерінің артуы шынында да, қатты қуантады. Ал көпбалалы отбасыларда әрбір баланың төлемақысын 21 мың теңгеге дейін артады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмек беруде қағаз жұмыстарының бәрін де қысқартуды жүктеді. Бұл өте маңызды шаруалар», - дейді Ж.Табылғанов.
22:42, 27 Ақпан 2019
Президенттің әлеуметтік бастамалары көптеген мұқтаж отбасыға көмектеседі - сарапшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе жастар ресурстары орталығының жетекшісі Жандос Табылғанов «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде Мемлекет басшысы жариялған әлеуметтік бастамалар көптеген мұқтаж отбасыларға көмек болатынын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.