Бұл жоба жас қазақстандықтарға өз білімін іс жүзінде қолданып, ел үшін жұмсауға мүмкіндік береді.
Резервке алынғандар саяси қызметке, «А» корпусының әкімшілік қызметіне, «Б» корпусының басшылық қызметтеріне және «Б» корпусының А деңгейіндегі қызметтерге тағайындала алады.
Резервке алыну үшін үміткерлер бірнеше кезеңнен өтеді, соның ішінде:
- үміткерлердің құжаттарын қабылдау
- күрделі сандық және мәтіндік ақпаратттармен жұмыс істеу қабілетіне баға беру
- ситуациялық тапсырманы шешу;
- құзыретіне баға беру;
- Сараптама комиссиясында әңгімелесуден өту;
- ҚР Президенті жанындағы жастар кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия отырысы.
Көптеген кезеңдер онлайн режимде өтеді.
Құжат қабылдау 2021 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында жүріп жатыр.
Президенттік резервте 3 жыл тұрады.
Президенттік резервке іліккендер міндетті түрде қызметке тағайындалады деген шарт жоқ.
Конкурстың ережелері мен талаптары pkrezerv.gov.kz сайтында жарияланған.
1 қыркүйекте іріктеуге қатысуға 281 азамат өтініш берген, солардың арасында шетелде тұрып жатқан отандастарымыз да бар.
Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жүреді.