Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

Фото: Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

АСТАНА. KAZINFORM — Рауан Канкин ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы қызметін атқарады, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі.

Рауан Канкин 1991 жылы Екібастұз қаласында дүниеге келген.

Бірнеше жерде білім алған. Атап айтқанда:

2014 жылы KAIST (Корея Республикасы) «Бизнес және технологияларды басқару» мамандығы бойынша оқыды; 
2022 жылы — Назарбаев Университеті, мемлекеттік басқару магистрі;
2024 жылы — «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бостон университеті, жобалық басқару магистрі.

2025 жылдың қазан айынан бастап Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

2014-2016 жылдары KPMG аудиторлық департаментінде жұмыс істеді.

2017 жылы Мәскеуде Сименс қызметкері болды.

2017-2021 жылдары — PricewaterhouseCoopers компаниясының тәуекелдерді талдау және бақылау бөлімінің аға кеңесшісі.

2021-2025 жылдары — «Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ тәуелсіз директоры.

2025 жылғы желтоқсаннан бастап — Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы қызметін атқарады.

Бұдан бұрын Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалғанын жазған едік.