Президенттің Анталиядағы форумға қатысуы халықаралық БАҚ пен меймандардың қызығушылығын тудырды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың V Анталия дипломатиялық форумына қатысуы халықаралық баспасөз өкілдері мен меймандардың қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды БОРТ N1 Telegram-арнасы.

Фото: БОРТ №1

Қазір Мемлекет басшысы панелдік пікірталасқа қатысып, сауалдарға жауап беріп жатыр.

Фото: БОРТ №1

Аталған іс-шараға БАҚ пен саясаткерлер, дипломаттар жіті назар аударып отыр.

Фото: БОРТ №1

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына барғанын жазғанбыз.

«Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» тақырыбына арналған көшбасшылар пікірталасына Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова және Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидзе қатысатыны белгілі.

Ал модераторы — Түркия Ұлы Ұлттық жиналысының мүшесі, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлу.

Осыған дейін Kazinform агенттігінің аналитикалық шолушысы Анталиядағы басқосудың басты мақсатын саралап көрді.