«Ресейғарыш» агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, зымырантасымалдағыштың үшінші сатысы штаттық режімде ажырағаннан кейін, жүк кемесі сағат 07.40 шамасында Жердің жасанды спутнигінің орбитасына шығарылды.
Жүк кемесі Халықаралық ғарыш стансасына жексенбі, 30 қаңтар күні Астана уақыты бойынша сағат 08.39-да түйіседі.
«Прогресс М-09М» Халықаралық ғарыш стансасына 2,5 тоннадай түрлі жүк, атап айтқанда отын, сығымдалған оттегі қорын, азық-түлік өнімдерін, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелерге арналған аппаратуралар, экипаж мүшелеріне арналған сәлем-сауқаттар жеткізеді.