Прокуратура балалар орталығы тәрбиеленушісіне 1,1 млн теңге алимент өндіріп берді

Коллаж: Kazinform

ТАРАЗ. KAZINFORM – Тексеру нәтижесінде жеке сот орындаушысы Балалар орталығының бұрынғы заңгерінің жазбаша өтінішінің негізінде атқару құжатын орындамай қайтарғаны анықталды. 

Жамбыл облысы прокуратурасы балалар орталығының тәрбиеленушісіне алимент өндіру бойынша конституциялық құқықтарын қалпына келтірді.

2015 жылдан бастап И. Керимбаева «№ 6 арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ пайдасына кәмелетке толмаған қызының асырауына 1,1 млн теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндетті болған.

Тексеру нәтижесінде 2025 жылғы 27 наурызда жеке сот орындаушысы Балалар орталығының бұрынғы заңгерінің жазбаша өтінішінің негізінде атқару құжатын орындамай қайтарғаны анықталды.

Нәтижесінде сот шешімі орындалмай, Балалар орталығының тәрбиеленушісінің конституциялық құқықтары бұзылған.

Прокуратура актісі бойынша алимент өндіру жөніндегі атқарушылық іс жүргізу қайта қозғалып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Айта кетелік СҚО-да биыл алимент төлеуден жалтарған 10 борышкер қылмыстық жауапқа тартылды