Қылмыстық топтың әрекетінен 274 отбасы зардап шекті, келтірілген залалдың жалпы сомасы 4,1 млрд теңге.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар міндетті рұқсат құжаттарынсыз салымшылардың ақшалай қаражатын тартып, оны мақсатсыз пайдаланған, ал құрылыс жұмыстары заң бұзушылықтармен жүргізілген.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптарын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен 1 млрд теңгеден астам сомаға жылжымалы және жылжымайтын мүлікке тыйым салынды.
4 күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс сотқа жолданды.
Айта кетелік Астанада үлескерлер 4 млрд теңге құйған тұрғын үй сүрілген еді.