АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Байқоңырдан ұшырылуы 27 наурызда Астана уақытымен сағат 01.06-ға белгіленген ресейлік «Протон-М» ғарыштық бағыттағы зымыраны мексикалық байланыс спутнигі «СатМекс-8» аппаратын орбитаға шығарды. Бұл туралы Росғарыш өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды utro.ru.
Аталған мекеменің мәліметінше, "Бриз-М" екпінді блогынан ғарыш аппаратының бөлінуі іске асырылып, ғарыш аппараты тапсырыс берушінің басқаруына тапсырылды.
Айта кетейік, бастапқыда"Бриз-М" екпінді болгы мен «СатМекс-8» спутнигі бар "Протонды" ұшыру 2012 жылдың 27 желтоқсанына жоспарланған еді. Алайда, ресейлік спутникті іске қосу кезіндегі проблемалардың кесірінен кейінге қалдырылған болатын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.