Ведомствоның атап өтуінше, психологиялық қызмет саласында заңнамалық реттеу және психологтердің мемлекеттік тізілімі болған жоқ.
Психологтердің мемлекеттік тізілімі сертификаттаудан өткен психологтерді есепке алу, олардың біліктілігі туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету және кәсіби қызметті жүзеге асыру құқығын растау мақсатында құрылады. Сонымен қатар психологтердің мемлекеттік тізілімін жүргізу, психологтерді мемлекеттік тізілімге енгізу және одан шығару Қағидалары бекітіледі.
— Психологтердің мемлекеттік тізілімін құру сертификатталған психологтердің бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға, олар туралы мәліметтерді есепке алуды және өзектендіруді қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтар мен ұйымдарға жарамды сертификаттың болуы туралы ақпаратты тексеру мүмкіндігін беруге бағытталған, — деп атап өтеді министрліктен.
Министрдің бұйрық жобасы 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.
Бұған дейін Психологтің кәсіптік стандарты бекітілетінін жазған едік.