Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша журналистердің сұрақтарына жауап берген Ресей басшысы бұл жобаның гуманитарлық әрі экологиялық маңызға ие екенін атап өтті.
– Негізгі мәні – біздің гуманитарлық саладағы ынтымақтастығымызда. Біз үшін табиғатты қалпына келтіру мәселесі аса маңызды. Фаунаны қалпына келтіру бағытындағы әріптестеріміздің күш-жігерін қолдауға дайынбыз, – деді Владимир Путин.
Оның айтуынша, мұндай бастамалар қоршаған ортаны қорғау және биоалуантүрлілікті қалпына келтіру салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңызды бөлігі саналады.
Ресей Президенті сирек кездесетін жануарларды қорғау мен табиғи экожүйелерді қалпына келтіру екі ел арасындағы экологиялық әріптестікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға Амур жолбарыстарының жеткізілуін шын мәнінде игі жұмыс деп бағалаған.