– Мұндай шараны ұйымдастыруға көмектесуге дайын достарымыз көп. Cолардың бірі – Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті. Біз бұл мәселені жақын уақытта шешеміз. Менің ойымша, БАӘ Ресей-АҚШ саммитін өткізуге қолайлы орындардың бірі болады, - деп бөлісті Путин.
Сондай-ақ Кремль басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуге қарсы емес екенін айтты.
Еске сала кетейік, бұған дейін Путин АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты Кремльде қабылдаған болатын. Сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің арнайы өкілі Стив Уиткоффтың Ресей президенті Владимир Путинмен өткізген кездесуі туралы пікір білдірді.