Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкіліне Украинадағы қақтығыс мәселесіне көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф Ослода Украина және Еуропа тараптарымен келіссөздер өткізгеннен кейін Санкт-Петербургке барғанын хабарлағанбыз.
Ослодан ұшып шыққан Bombardier ұшағы Пулково-3 әуежайына қонған. Америкалық өкілді Ресей президентінің шет мемлекеттермен инвестициялық-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі, Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының басшысы Кирилл Дмитриев қарсы алды. Кейін олар әуежайдан бірге кеткен.
20 қазанда Стив Уиткофф Ослода Украина президенті Владимир Зеленскиймен, Норвегия премьер-министрі Йонас Гар Стёремен және Финляндия президенті Александр Стуббпен келіссөздер өткізді. Кездесуде Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты реттеу және Еуропаның болашақ қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру мәселелері талқыланды.