Ол Қазақстан мен Ресейдің білім саласындағы серіктестігінің маңызына тоқталып, көптеген қазақстандық Ресей ЖОО-ларында оқып жатқанын атап өтті.
– Қазақстан Президентіне орыс тілін қолдау бойынша халықаралық ұйым құру бастамасын көтергені үшін алғыс айтамыз. Меніңше, бұл болашаққа, гуманитарлық аспектілерді қоса алғанда біздің қарым-қатынастарымызды сақтап, оны барлық бағыт бойынша дамытуға бағытталған, – деді Ресей Президенті ҚР Президенті телерадиокешенінің бас директоры Раушан Қажыбаеваның сұрағына жауап бере отырып.
Айта кетейік, бұған дейін Путин «Сириус» мектебі туралы айтып, Қазақстанда дарынды балалар көп екенін мәлімдегенін жазғанбыз.