Нақтырақ айтсақ, бүгін Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында PWL-8 кәсіпқой күрес турнирі мәресіне жетті.
Аталған турнирде қазақстандық әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан америкалық Олимпиада чемпионы Кайл Снайдермен белдесіп, 8:0 есебімен қарсыласына жол берді. Балуандар 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынасты.
Айта кетейік, Снайдер бұл күні екі белдесу өткізді. Ризабектен бөлек ол ресейлік Константин Пшеничниковты да жеңді.
Кайл Снайдер — Рио олимпиадасың чемпионы, Токио олимпиадасың күміс жүлдегері, сондай-ақ әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы.
Жалпы турнир барысында 11 кездесу болады. Күрес ережесі бойынша әр жұп 6 минуттан белдесті.
Осыған дейін аталған турнирде тағы екі қазақстандық балуан сынға түскенін жазған болатынбыз. Онда Азамат Дәулетбеков қарсыласынан басым түссе, әйелдер күресінен Жәмила Бақбергенова қырғызстандық әйгілі балуан Айпері Медетқызына 5:1 есебімен жол берді