«Qarmet» акционерлері мен Үкімет арасындағы келісім шеңберінде компанияның өндірісті жаңғырту және қайта құру жөніндегі міндеттеме нақтыланды. Осылайша өндірісті жаңғырту үшін 35 млрд теңге бөлу міндеті жүктелді. Соңғы 6 ай ішінде компаниямен бірлесіп өндірісті жаңғырту жөніндегі стратегияны әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Аталған стратегия біздің министрлік, Денсаулық сақтау министрлігімен және басқа да тиісті ведомстволармен келісілді», - деді Ерболат Кожиков Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Комитет басшысының айтуынша, аталған кәсіпорын жұмысын жаңғыртуға арналған стратегия жақын арада бекітіледі.
Еске сала кетсек, биыл тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының диспетчерлік-талдау орталығына барып, ахуалмен танысқан еді. Сол жерде компанияның бас директоры Вадим Басин Президентке көмір өндірісі бөлімшесін дамыту жөнінде баяндады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл Қазақстан халқына Жолдауында «Qarmet» металлургия комбинатындағы ахуал едәуір тұрақталғанын айтты.