Рахат Тұрлыхановқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда отбасылық жанжалдан кейін әнші Рахат Тұрлыхановқа қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды.

Фото: rakhat_turlykhanov / instagram

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасында қозғалған болатын. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы зерттеліп, қолданыстағы заңнама аясында процестік әрекеттер жүргізілді.

- Арызданушы тарап шағымынан және істі одан ары талқылаудан бас тартты. Осыған байланысты қылмыстық іс заңды негізде тоқтатылды, – деп хабарлады департаменттен.

Полиция өкілдері отбасылық-тұрмыстық қатынастарға байланысты әрбір жағдай бойынша азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қорғауға бағытталған тиісті шаралар қабылданатынын атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Рахат Тұрлыханов әйеліне қол көтергенін жазғанбыз.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, Медеу ауданында болған отбасылық жанжалға байланысты түскен шақырту бойынша полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жеткен. Кейін жанжалға қатысқан тараптар мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізілген.

Әйел әуелде өзіне күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейінірек мұны жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз жазған.

Кейін сот Рахат Тұрлыхановтың ісі бойынша материалдарды прокурорға қайтарды.