«Қазір ғана Ramada Plaza қонақ үйін әкімдік меншігіне беру туралы шешім қабылданды. Бірақ, әкімдік оны Ішкі істер департаментіне береміз деп шешкен болатын. Департамент Ramada Plaza-ға көшеді. Біз ол жерде жөндеу жұмыстарын бастаймыз», - деді министр.
Оның айтуынша, аталған ғимаратта Астана қалалық ішкі істер департаменті мен елорданың аудан әкімдіктерінің бірі орналасады.
«Ғимарат Байқоңыр ауданының аумағында орналасқан. Сондықтан, бірқатар мекемелер сонда көшіріледі», - деді Қалмұханбет Қасымов.