АСТАНА. KAZINFORM – Франциялық «Биарриц» регби командасының ойыншысы және Фиджи құрамасының 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Масивси Дакувака әріптесін тістеп алғаны үшін командадан қуылды. Бұл туралы Report хабарлады.
Оқиға ойын-сауық шарасы кезінде болған. Куәгерлердің айтуынша, командадағы бірнеше ойыншының арасында ақшаға байланысты жанжал туындаған. Араша түспек болған әріптесі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жәбірленушінің бетін 20 жерден тіккен.
Дакувака болған оқиғаға өкінетінін айтты. Бірақ ол өз әрекетін түсіндіріп бере алмаған. Осы оқиғаға байланысты клубтан шеттетілген 30 жастағы ойыншы мамыр айында сот алдында жауап береді.
Айта кетейік, Қазақстанның регби федерациясын ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев басқаратын болды.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы