Кездесудің 29-минутында есеп ашқан Месси әлем чемпионаттарының плей-офф кезеңіндегі нәтижелі әрекеттер санын 12-ге жеткізді. Оның еншісінде енді алты гол және алты нәтижелі пас бар.
Opta статистикасына сәйкес, бұл — 1966 жылдан бергі ең үздік көрсеткіш. Осылайша, Месси бұған дейін 11 нәтижелі әрекетпен (алты гол және бес нәтижелі пас) көш бастап тұрған аңызға айналған Пеле мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппені басып озды.
Сонымен қатар бұл гол Месси үшін әлем чемпионаты-2026 турниріндегі жетінші, ал әлем чемпионаттары тарихындағы 20-гол болды. Сондай-ақ Аргентина құрамасының капитаны әлем чемпионаттарындағы сегізінші матч қатарынан гол соғып отыр.
Еске сала кетсек, Аргентина құрамасы Кабо-Вердені жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты.