Әйел адам 2020 жылғы сәуірде Ресей азаматтығын қабылдаған, соған байланысты ол Қазақстан азаматтығынан айырылған. Бұл туралы белгіленген уақытта құзыретті органдарды хабардар етпеген.
Осы іс-әрекеті үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 496-бабының 2-тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аудандық соттың шешімі бойынша ол Қазақстан Республикасынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылды.