Ресей халықаралық қоңырауларға тыйым салуды жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей Министрлер Кабинеті азаматтарды киберқылмыскерлерден қорғау бойынша екінші шаралар пакетін әзірледі, онда абоненттің келісімінсіз кіріс халықаралық қоңырауларға тыйым салу және мұндай қоңырауларды міндетті түрде белгілеу қарастырылған, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: pixabay

РФ үкіметінің аппарат басшысы Дмитрий Григоренконың https://tass.ru/obschestvo/25862961 айтуынша, бұл шаралар телефон арқылы алаяқтық жасау қаупін азайтуға бағытталған. 

- Үкімет азаматтарды алаяқтардан қорғау үшін екінші шаралар пакетін дайындады. Оған киберқылмыспен күресуге бағытталған шамамен 20 бастама кірді, - деді вице-премьер. 

Сондай-ақ балаларға арналған SIM-карталарды енгізу де қарастырылып жатыр, бұл ата-аналарға балаларын қосымша өтініш бермей-ақ орынсыз контенттен қорғауға мүмкіндік береді. 

Григоренконың айтуынша, бұдан басқа банк карталарының санына шектеулер енгізіледі.

- Бұл ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айырбастау үшін жиі қолданылатын карталардың жаппай шығарылуын шектеу арқылы алаяқтық ауқымын азайтады, - деп қосты ол. 

Телефон және интернет алаяқтығымен күресуге арналған 30-дан астам шараны қамтитын заңнамалық түзетулердің алғашқы пакеті осы жылдың наурыз айында қабылданды. Ережелер біртіндеп енгізілді.

1 тамыздан бастап Ресей тұрғындары SMS хабарламалар алудан бас тарту мүмкіндігін алды. 

Ал 1 қыркүйектен бастап олар «Мемлекеттік қызмет» арқылы қажетсіз қоңыраулардан бас тартып, жаңа SIM карталарды шығаруды бұғаттай алады.

1 шілдеден бастап Ресейде биометриялық деректерін тапсырмаған шетел азаматтарының ұялы байланысы өшіріле бастайтынын жазған едік. https://kaz.inform.kz/news/reseyde-sheteldkter-baylanissiz-kalui-mumkn-e3f9ad/

Сондай-ақ Ресейде Max мессенджері міндетті болатынын жаздық.

Ал 2026 жылы Ресейде «Молния» мессенджері іске қосылатынын жазған болатынбыз.