Журналистердің Ресейден отын сатып алу жөнінде Қазақстанға ұсыныс түскен-түспегені туралы сұрағына жауап берген вице-министр қазіргі уақытта министрлікке ресми өтініш келмегенін айтты.
— Ресей Федерациясынан Энергетика министрлігінің атына ресми өтініш түскен жоқ. Егер министрлікке осындай өтініш келіп түссе, оны ұлттық мүдделерді ескере отырып және өзара тиімді шарттар негізінде қарайтын боламыз, — деді Қайырхан Тұтқышбаев.
Осыған дейін ҚР Энергетика министрлігі Ресей Федерациясына жанар-жағармай өнімдерін жеткізу мүмкіндігі туралы тараған ақпаратқа байланысты түсініктеме жасады.
Айта кетейік, Қазақстандағы бензин, дизель және автогаз бағасы қандай екенін жазғанбыз.