Кездесу Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Михаил Галузин мен Грузия Премьер-министрінің Ресеймен байланыс жөніндегі арнайы өкілі, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Георгий Зурабашвили арасында өтті.
Ресейдің РФ Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық берді.
- Бірқатар практикалық уағдаластықтарға қол жеткізілді, - делінген РФ СІМ хабарламасында. Алайда уағдаластықтардың нақты мән-жайы жарияланбаған.
Сондай-ақ кездесу барысында өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Делегация басшылары келіссөздерді ұйымдастыруға жәрдемдескен Беларусь тарапына ризашылық білдірді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ресей мен Грузия арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Бұған дейін Грузияда Ресей шекарасына апаратын ұзындығы 426 метрлік көпір құрылысы аяқталып жатқаны хабарланған болатын.