Ресей мен Украинаның Абу-Дабидегі келіссөзінен кейін мұнай бағасы төмендеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Бейсенбі күні таңертең әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Фото: Midjourney

Oilprice.com мәліметінше, Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері барреліне 92 доллар болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,76 долларға немесе 0,82%-ға төмен.

WTI маркалы мұнай фьючерстері 0,68 долларға немесе 0,79%-ға арзандап, барреліне 85,85 доллар болды.

Ресейлік Urals маркалы мұнайдың бағасы да 0,80 долларға немесе 1,10%-ға төмендеп, барреліне 72,16 долларға жетті.

Мұнай бағасына Таяу Шығыстағы қақтығыстарды, сондай-ақ Ресей мен Украина арасындағы соғысты тоқтату жөніндегі келіссөздер әсер етіп отыр.

11 қараша, сәрсенбі күні Абу-Дабиде Ресей, Украина және АҚШ арасындағы екі күндік үшжақты келіссөздер аяқталды.

Кездесудің басты практикалық нәтижесі — тұтқындарды ауқымды көлемде алмасу туралы алдын ала келісімге қол жеткізу болды.