Ресей мұнайы Батыс Қазақстанда өңделуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей мұнайы Батыс Қазақстанда орналасқан шағын мұнай өңдеу зауытында өңделуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Ерлан Ақкенженов айтты.

Фото: ПМХЗ

- Батыс Қазақстанда бір кіші мұнай өңдеу зауыты бар. Оның аты — «Конденсат». Қателеспесем, 50 пайызы ресейлік компанияға тиесілі. Біз Ресей Федерациясының Энергетика министрлігінен осы мұнай өңдеу зауытын Ресей мұнайымен жүктеу туралы ресми түрде хат алдық. Мен ешқандай кедергіні көріп тұрғаным жоқ. Өйткені, ондатөндірілетін бензин мен дизель отынының 30 пайызы Қазақстанда қалады, қалғаны Ресей Федерациясына барады. Осындай келісімге келдік. Менің түсінгенімше, ешқандай санкциялар жоқ. Өйткені ол компания әзірше санкция тізіміне енбеген, - деді Ерлан Ақкенженов. 

Бұған дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты салынатын өңірлер зерттеліп жатқанын жазған едік.