Ресей Президентінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, құттықтау жеделхатында В.В. Путин экономика, әлеумет, мәдени және ғылыми-техника саласында Қазақстанның жетістіктеріне жоғары баға бере отырып, өңірлік және жаһандық күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешудегі елдің жетекші орнын атап өтті.
Ресей көшбасшысы ресей-қазақстан стратегиялық ынтымақтастығының қарқынды әрі оң дамуына айрықшы тоқталды. Сондай-ақ ол саяси диалогтың және Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, ТМД және Ресей мен Қазақстанның мүддесіндегі басқа да көпжақты құрылымдарда тәжірибелік өзара әрекеттің дамуын тілге тиек етті.