Ресейлік «Қауіпсіз интернет лигасы» коммерциялық емес ұйымының директоры Екатерина Мизулина бұл туралы өзінің Telegram арнасында хабарлады.
ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің Цифрлық даму министрлігі бұл ақпаратты растап, платформа «балаларды одан әрі қорғау үшін бірқатар шараларды», соның ішінде жас топтары бойынша ойындарға қол жеткізуді шектеу механизмін енгізгенін атап өтті.
-Roblox пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей заңнамасын толықтай сақтады. Онлайн ойын қызметі бүкіл Ресей бойынша қайтадан қолжетімді. Roblox сонымен қатар платформада орынсыз контент таратумен күресуге уәде берді,-деп мәлімдеді министрлік.
Айта кетейік, Роскомнадзор балалар арасындағы танымал қызмет арқылы «экстремистік материалдар мен ЛГБТ насихатын» таратқаны үшін Roblox онлайн ойын платформасын бұғаттаған болатын.
Roblox бұған дейін балалар мен жасөспірімдерге арналған қорғалған аккаунттар енгізгенін жариялаған болатын.