Ресейде Roblox ойын платформасы бұғатталды

АСТАНА. KAZINFORM — Ресейде Roblox онлайн-ойын платформасы ресми түрде бұғатталды. Ресейдің байланыс және ақпарат саласын бақылау қызметі бұл шешімді сервис арқылы экстремистік материалдардың таралуы және ЛГБТ-идеялардың насихатталуымен түсіндірді, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Dutch government to assess child safety risks on Roblox
Фото: Kazinform

Ведомствоның мәлімдемесіне сәйкес, балалар арасында танымал платформада террористік әрекеттерді бейнелеу, мектепке шабуыл жасау, құмар ойындарға қатысу сияқты контент кездескен.

Сонымен қатар, ведомство Roblox-та балаларға қатысты «жыныстық сипаттағы әрекеттер, интим фото талап ету, азғындыққа итермелеу және зорлық көрсету қаупі бар» екенін атап өтті.

Платформаның педофилдер арасында да танымал екені айтылды.

3 желтоқсанда Ресейде пайдаланушылар Roblox-тың қолжетімсіздігі туралы жаппай шағымдана бастаған. Шағымдардың жартысына жуығы мобильді қосымшаға, қалғаны веб-нұсқаға қатысты болған.

Қараша айының соңында ведомство Roblox-ты бұғаттау мүмкіндігін ескерткен еді. Қызмет «балалардың рухани-адамгершілік дамуына зиян келтіруі мүмкін орынсыз контент» туралы хабарлап, платформадан материалдарды өшіруді бірнеше рет талап еткен.

 Ресейдің байланыс және ақпарат саласын бақылау ұйымының мәліметінше, 2019 жылдан бері Roblox әкімшілігіне тыйым салынған материалдарды жою туралы көптеген ресми талаптар жолданған. Мониторинг нәтижелері ішкі модерация жүйесі платформаны толық қауіпсіз ете алмайтынын көрсеткен.

Roblox 2024 жылдың қаңтарында және шілдесінде Ресей тарапының талабымен бірнеше жобаны жойған. Соның ішінде ағылшын тіліндегі «LGBT» аббревиатурасы бар сервер атаулары және ЛГБТ-тұлғалары мен атрибуттары кездесетін материалдар өшірілген.

Айта кетейік, Apple Үндістаннан Ресейге iPhone сатылса, айыппұл салатынын ескертті.

Соңғы жаңалықтар