– Біз соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсыныспен келісеміз, бірақ бұл тоқтату ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін және дағдарыстың негізгі себептерін жоятын болуы керек деп есептейміз, - деп атап өтті Владимир Путин.
Айта кетейік, АҚШ Президентінің Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф Ресей басшылығымен келіссөздер жүргізу үшін Мәскеуге барды. Келіссөзде Вашингтонның атысты 30 күнге тоқтату туралы ұсынысы талқыланады деген болжам бар.
Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин ФҚҚ алқасының отырысында сөз сөйледі.