Алғашқы 5,6 магнитудалы жер асты дүмпуі 03:58-де (Мәскеу уақытымен 01:58) тіркелген. Зардап шеккендер жайында әзірге мәлімет жоқ.
«РҒА-ның федералдық Бірыңғай геофизикалық қызметінің мәліметтеріне сәйкес, Катав-Иванов ауданында сағат 12:27-де (Мәскеу уақытымен 10:27) 4,6 балдық сейсмикалық белсенділік тіркелді. Тереңдігі - 10 шақырым. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ», - деді министр.
Министрліктің мәліметінше, алғашқы дүмпудің ошағы Катав-Иванов ауданына қарасты Орловка елді мекенінен 1,5 шақырым жерде орналасқан. Тереңдігі - дәл солай 10 шақырым. Савченко сәрсенбіге қараған түні болған жер сілкінісі техногендік емес, табиғи сипатқа ие екенін айтып кетті.