Ресейде оқитын 200-ден астам студент Ақтөбеде вирусқа қатысты тексерілуде

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ресейде оқитын 200-ден астам Қазақстан студенті Ақтөбеде коронавируске қатысты анализ тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресейден 222 студент келді. Бүгін қабылдап, анализ алдық. Бәрі карантиндік стационарда болады. Тексеруден соң шешім қабылданады.

Студенттер еліміздің әр өңірінен. Алматы, Нұр – Сұлтан қалалары мен бірнеше облыстың жастары бар. Ақтөбеден тек 6 студент. Егер ешкімнен коронавирус инфекциясы анықталмаса, өз өңірлеріне жіберіледі, егер індет жұқтырса, бізде ем қабылдайды», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.