АСТАНА. KAZINFORM — Ресейдің Хабаровск қаласында бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған турнир мәресіне жетті.
Халықаралық турнирде ерлер құрамасы 2 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль алып қайтты.
Олардың қатарынан Нұрлан Сапарбай (92 келі) ресейлік Орудж Мамедов, Сәкен Бибосынов (54 келі) финалда ресейлік Денис Палшинді 5:0 есебімен жеңіп, аталған турнирдің чемпионы болды.
Ал финалда Сағындық Тоғамбай (92 келі) ресейлік Сергей Слободян дәл осындай есеппен есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Жандос Қыдыралиев (63.5 келі), Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (67 келі) қола жүлдегер болды.
Әйелдер құрамасынан финалда қарсыластарына есе жіберген Айдана Забынбекова (57 келі), Ұлдана Таубай (66 келі), Римма Волосенко (60 келі) екінші орын алды.
Ел құрамасынан Гүлнар Тұрапбай (50 келі) мен Аружан Жаңабаева (66 келі) үзздік үштіктен көрінді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.