Ресейдегі турнирдің екінші ойынында «Барыс» қарсыласына есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден Челябинск облысы губернаторының кубогындағы екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы қазақстандық клуб Челябинск қаласының «Трактор» командасымен кездесті.

Ойын барысында елордалық командадан Линден Вей 20-минутта есеп ашты. Одан кейін «Трактор» сапынан Антон Бурдасов 31, Никита Тертышный 34, Максим Шабанов 46-минутта мергендік танытты.

Ал 50-минатта тағы бір шайбаны авторы атанып, есеп айырмасын қысқартқан еді.

Осылайша «Барыс» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберді.

Аталған турнирде бүгін «Автомобилист» (Екатеринбург) клубы «Металлург» (Магнитогорск) командасын 3:1 есебімен жеңді.

Еске салсақ, елордалық клуб бұдан бұрын Ресейдің «Автомобилист»3:1 есебімен жеңді.

Бұл күні «Трактор» командасы «Металлургтан» буллитен 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді «Барыс» 27 тамызда «Металлургпен» кездеседі.


Фото: hcbarys.kz