Ресейдегі турнирдің алғашқы ойынында «Барыс» жеңіске жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» шайбалы хоккейден Челябинск облысы губернаторының кубогындағы алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресейдегі турнирдің алғашқы ойынында «Барыс» жеңіске жетті

Қазақстандық команда аталған турнирдегі бірінші ойынын Ресейдің «Автомобилист» (Екатеринбург) клубына қарсы өткізді.

Ойынның 9-минутында «Барыс» сапынан Никита Михайлис есеп ашты. Бұдан кейін екі команданың да есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндігі болған еді.

Екінші кезеңде де таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Үшінші кезеңнің 49-минутында ресейлік клубтан Брукс Мэйсек таразы басын теңестірсе, Никита Михайлис 51-минутта «Барысты» қайтадан алға шығарды.

Елордалық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті.

Енді «Барыс» хоккейшілері 25 тамызда «Трактор» (Челябинск), 27 тамызда «Металлург» (Магнитогорск) командаларымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін «Трактор» және «Металлург» командалары өзара кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын елордада өткен ҚР Президенті кубогында «Барыс» жеңімпаз атанды.

Аталған турнирде елордалық клуб «Автомобилистке» 3:4 есебімен жол берді.