Бүгін аталмыш Telegram-арна оқиғаға қатысты видео жариялады.
Оқиға Қазақстан әуе кеңістігінде болған. Экипаждағы жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан, ұшақты дереу кері бұру туралы шешім қабылдаған.
— Борттағы жолаушылардың бірінің жағдайы кенеттен нашарлап кетті, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Air Astana әуе компаниясының ұшағы техникалық ақауға байланысты Бейжің әуежайына шұғыл қонған еді. Әуе кемесі 2026 жылғы 8 қаңтарда Сеул — Астана бағытындағы KC210 рейсін орындап жатқан. Компанияның мәліметінше, ұшақтағы барлық дәретханалардың істен шығуына байланысты әуе кемесі Қытай астанасындағы әуежайға қонған.