Іс-шара 25 қазан күні тойланатын Қазақстанның Республика күні қарсаңында, 22 қазанда Уолл-стритте өтті.
Instagram-да жарияланған бейнежазбада Американың ірі мегаполисінде тұратын қазақтар, сондай-ақ жергілікті билік органдары мен Нью-Йорктегі Қазақстан Бас консулдығының өкілдері бар.
Нью-Йорктің символдық мәні бар орындарының бірінде Көк тудың көтерілуі достықтың, құрметтің және Қазақстан мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюының белгісі екені айтылды.
Айта кетейік, Республика күніне орай Манхэттеннің қаржы орталығында Қазақстан туын көтеру игі дәстүрге айналған.
Бұған дейін Қазақстан туы Брюссельдегі Гран-Пласта алғаш рет көтерілгенін хабарлаған едік.