Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінен мәлім етті.
Бұған дейін хабарлағандай, жаңа үлгідегі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің дизайны Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 31 тамызындағы Заңымен ратификацияланған БҰҰ Конвенциясының жол қозғалысы туралы талаптарына сәйкес жасалып отыр.
Енді қазақстандық автожүргізушілер халықаралық қозғалысқа қатысу барысында ешқандай қиыншылықтарға кездеспейді. Себебі жаңа мемлекеттік нөмірлерде халықаралық сәйкентендіру белгісі қарастырылған.
«Бүгінгі таңда 100 мыңнан астам мемлекеттік нөмірлік белгі кешені берілді. Жаңа үлгідегі нөмірлер бұрынғыдай арнайы бағдарламаның көмегімен автоматты түрде беріледі», делінген Комитеттің хабарламасында.
Жаңа нөмірлер көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу кезінде берілуде. Тіркеу нөмірі үшін төленетін баж салығы өзгерген жоқ.