АСТАНА. 14 тамыз. ҚазАқпарат - Елімізде апта ішінде 7 120 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 961 қылмыстың беті ашылды. ІІМ Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Бұрын жасалған 752, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 29 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 84 қылмыскер ұсталды», - деді ол.
Сонымен қатар ресми өкілдің атап өтуінше, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 50 қылмыс анықталды, оның ішінде 17-сі сату фактісі. 1,5 тоннаға тарта есірткі заты, оның ішінде 943 грамм героин тәркіленіп алынды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.