Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, қазір еліміздің республикалық автожолдары бойында барлығы 1 429 қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді.
— Жол бойындағы мұндай орындар жүргізушілер мен жолаушылар үшін, әсіресе қыс мезгілінде маңызды. Қатты боран немесе аяз кезінде олар қауіпсіз жерге тоқтап, жылынып, демала алады. Қозғалысқа уақытша шектеу қойылған жағдайда да жол ашылғанша осындай нысандарды паналауға мүмкіндік бар, — деді ол.
Айта кету керек, жол бойындағы қызмет көрсету орындарын көбейту жолаушыларға қолайлы жағдай жасап қана қоймай, қолайсыз ауа райында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де бағытталған.
Бұған дейін Астана — Теміртау жолында 162 жүргізушіге жедел көмек көрсетілгені туралы жазған едік.